30 шілдеде Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) UFC 291 турнирі өтеді, кештің басты жекпе-жегінде америкалық Дастин Порье мен Джастин Гэтжи кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маңыздылығы жағынан екінші жекпе-жекте жартылай ауыр салмақ пен орта салмақтың бұрынғы чемпиондары польшалық Ян Блахович пен бразилиялық Алекс Перейра кездеседі.

Кардта барлығы 12 жекпе-жек жоспарланған.

Турнирдің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 04:30-да басталады, оны UFC ресми сайтынан көруге болады.