«Анжидің» бұрынғы шабуылшысы Сердер Сердеров Махачкаланың «Динамосына» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы дағыстандық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Сердеров «Динамоға» еркін агент ретінде ауысты. Тараптар бір жылға жарамды келісімшартқа қол қойды. Форвард махачкалалық клуб сапында 28 нөмірмен ойнайды.

Дағыстандық футболшы «Урал», «Крылья Советов», «Славия» (София), «Енисей», «Краковия», «Мезокоевешт», «Истра 1961» және қазақстандық «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен.