УЕФА туриндік «Ювентусты» бір жылға барлық еуро додалардан шеттету туралы соңғы шешімді қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, «кәрі сеньорп» Конференция лигасы - 2023/2024-ке қатыса алмайды. Бұған қоса, «Ювентус» 20 миллион еуро айыппұл төлейді.

Еске салайық, еуропалық жарыстардан шеттету УЕФА 2022 жылдың желтоқсанында клубтың даулы балансына қатысты бастаған және қаржылық фэйр-плей ережелерінің бұзылғанын анықтаған тергеудің нәтижесі болды.

Туриндік команда өткен маусымда 62 ұпаймен лиганы жетінші орында аяқтады. Бианконерилер 2023/2024 жылғы Конференция лигасында ойнауы керек еді. Чемпионат барысында «Ювентустан» он ұпай шегерілді. Команда топтық кезеңде Чемпиондар лигасынан шығып, кейін Еуропа лигасының жартылай финалына шықты. Италия кубогында «Ювентус» да жартылай финалға жолдама алды.