«ҚХЛ трансферлері» телеграм-арнасы астаналық «Барыстың» қазақстандық шабуылшысы Михаил Рахмановтың Құрлықтық хоккей лигасының келесі маусымындағы жаңа жалақысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресурстың мәліметінше, 31 жастағы шабуылшының жалақысы он миллион рубльді (шамамен елу миллион теңге) құрайды. Бұл ретте Рахманов өткен маусымда жартысы – бес миллион рубль (шамамен 25 миллион теңге) алған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін ҚХЛ-дың келесі тұрақты маусымы 2 қыркүйекте уфалық Салават Юлаевқа қарсы өз алаңындағы кездесуімен басталады.