«Базель» клубының футболшылары Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында қостанайлық «Тобылдан» (1:3) жеңіліп қалғаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұрын мұндай жағдай басымнан өтпеген. Не айтарымды білмей қалдым. Мұндай жағдай жиі болмайтынын мені танитын адамдар біледі», - дейді 32 жастағы қорғаушы Михаэль Ланг.

«Бұл «Базельдің» әрбір жанкүйері үшін күтпеген нәтиже болды. Екі қызыл қағаздан кейін, әрине, жаңа ойыншылармен қиын болды. Алаңнан қуу ешқашан әдейі болмайды. Бірақ қызыл қағаз қазір біздің елде тым жиі көрсетіледі», - деп келтіреді жартылай қорғаушы Ваутер Бюргердің сөзін Nau.ch.

Қарымта ойын 3 тамызда өтеді.