«Ақтөбенің» бұрынғы спорт директоры Асхат Қалжанов команданың қорғаушысы Лука Гадранидің жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Ақтөбенің» орталық қорғаушы Лука Гадрани МРТ тексеруінен өту қажет. Ол Кутаисиде қалатын шығар», - деп жазды Қалжанов өзінің «Серый Кардинал» телеграм-арнасында.

Еске салайық, ақтөбеліктер қарсыластарын ірі есеппен жеңген болатын. Қазақстандық команда сапында Әлібек Қасым, Милош Раичкович, Максим Самородов және Андрия Филипович голдың авторы атанды. Алаң иелері сапында Гиорги Арабидзе бір гол соқты.

Гадрани 71-минутта ауыстырылды.

Қарымта кездесу 3 тамызға Астана уақытымен 22:00-ге жоспарланған. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді.

Фото: fc-aktobe.kz