Ташкентте (Өзбекстан) волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (U-16) жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы аустралиялық құрдастарымен кездесті. Командалар төрт сет ойнап, оның үшеуінде Қазақстан жеңіске жетті — 25-20, 26-24, 28-30, 25-17.

Қазақстандықтар бұған дейін Жапонияны да жеңген болатын.

Волейболдан Азия чемпионаты-2023. Жасөспірімдер (U-16)

Топтық кезең

Қазақстан (U-16) — Аустралия (U-16) 25-20, 26-24, 28-30, 25-17

Фото: klike.net