Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасының Бангкокта өтетін Азия кубогындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

8 команда екі топқа бөлінген. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан Иордания, Шри-Ланка және Таиландпен бір топқа түсті.

Ал А тобында Индонезия, Малайзия, Иран және Моңғолия баскетболшылары сынға түседі.