«Ордабасы» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында польшалық «Легиямен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттегі кездесуде стадион лық толы болды.

Матч жылдам голмен басталды. 13-минутта Всеволод Садовский есеп ашты. Ал екінші таймның басында Мамаду Мбодж бұрыштама добынан кейін есепті еселеді.

Артынша Бауыржан Исламханның да гол соғатын мүмкіндігі болды, бірақ оның ұрымтал тұстан жасаған соққысы қақпадан сәл биік кетті.

Бірақ ойын соңына дейін қонақтар есепті теңестіре алды. 63-минутта Томас Пекхарт есеп айырмасын қысқартса, 86-минутта Блаз Крамер есепті 2:2 қылды.

Енді текетірес жеңімпазы 3 тамызда Варшавада анықталады.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Алғашқы матч

«Ордабасы» (Шымкент) - «Легия» (Варшава, Польша) 2:2 (1:0)

Голдар: Садовский 13, Мбодж 48, Пекхарт 63, Крамер 86