«Панда» лақап аты бар қазақстандық боксшы Серік Мұсәділовтің (14-0, 12 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайты хабарлағандай, бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Серіктің келесі жекпе-жегі 28 қазанда Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Қарсыластың есімі қазірше белгісіз.

Айта кетейік, Мұсәділов өзінің алдыңғы жекпе-жегін 2022 жылғы 21 қазанда Орландода өткізген, ол кезде мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21- 18, 15 КО) бірінші раундта нокатуқа түсірді.