«Каспий» футбол клубы сербиялық шабуылшы Филип Авричпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ақтаулық клуб ресми хабарлады.

Филип Аврич «Каспийге» сербиялық «Единство» клубынан ауысып келді, ойыншы аталған команда сапында 33 ойында 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.