Prosports.kz назарларыңызға УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Ордабасы» — «Легия», «Торпедо» Кутаиси — «Ақтөбе» және «Базель» — «Тобыл» матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

Бейсенбі, 27 шілде күні шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легиясымен» алғашқы ойынын өткізеді. «Ордабасы» – «Легия» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Ал 22:50-де Кутаисиде «Торпедо» — «Ақтөбе» матчы басталады. Бұл ойынды да Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Қазақстандық жанкүйерлер «Тобыл» мен швейцариялық «Базель» арасындағы алғашқы ойынды да тікелей эфирде тамашалай алады.

«Базель» — «Тобыл» матчын тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Базельдегі матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.