Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси соңғы 8 жылда алғаш рет оң аяғымен дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Матч ТВ» сайтына сілтеме жасап.

Лига кубогының топтық кезеңінде «Атлантаға» қарсы ойында Месси «Интер Майами» сапындағы екінші ойында екі гол соғып, нәтижелі пас берді. Бұл аргентиналықтың карьерасындағы гол соққан 100-қарсыласы.

Айта кетейік, «Алтын доптың» жеті дүркін иегері солақай. Соңғы рет ол 2015 жылы «Барселонада» ойнап жүрген кезінде «Леванте» қақпасына оң аяғымен дубль жасаған болатын.