Футболдан Қазақстан чемпионатының 17-туры аясындағы «Мақтаарал» – «Тобыл» кездесуі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Тобыл» футбол клубының UEFA Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты өтінішін қарастырып, «Мақтаарал» футбол клубының тиісті келісімін алып, 2023 жылғы 30 шілде күні өтетін Қазақстан Чемпионаты XVII турының «Мақтаарал» - «Тобыл» ойынын басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Ойынның жаңа өту күні туралы ақпарат қосымша хабарланады». - делінген мәлімдемеде.