Ташкентте (Өзбекстан) волейболдан жасөспірімдер арасындағы (U-16) Азия чемпионатының топтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші ойында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ирандық құрдастарымен кездесті. Ойын ирандық волейболшылардың пайдасына аяқталды.

Турнир 29 шілдеде аяқталады.

1 топтық кезең, әйелдер

Қазақстан (U-16) - Иран (U-16) 15-25; 25-23; 20-25; 19-25

Келесі кездесуде қазақстандық волейболшылар Жапония құрамасымен кездеседі.