Қазақстандық файтер Бағдос Олжабай аса жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы Ренан Бараомен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, кездесу 9 қыркүйекте Астанада Alash Pride турнирі аясында өтуі ықтимал.

Бразилиялық файтер 2012 жылы Юраю Фейберді жеңіп, жеңіл салмақта чемпион атанған. Ол өз титулын үш рет қорғап қалған еді. Барао UFC-де 2019 жылға дейін өнер көрсетті.

Бағдос Олжабай Alash Pride лигасы Гран-приінің жеңімпазы саналады.