«Ақтөбе» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Торпедоға» қарсы ойынына Кутаисиге ұша алмай жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қызыл-ақтардың» ұшуы бір жарым сағаттан астам уақытқа кешігіп жатқаны хабарланды. Грузия тарапы Ақтөбеден чартерлік рейсті қабылдауға рұқсат бермей отыр.

Сонымен қатар, Кот-д'Ивуар құрамасының шабуылшысы Андерсон Ньянбоға Грузияға виза беруден бас тартылды.

Еске салайық, Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» Кутаисидің «Торпедо» командасымен ойнайды. «Ақтөбе» алғашқы ойынын 27 шілдеде сырт алаңда өткізсе, қарымта ойын 3 тамызда Ақтөбеде өтеді.