Бүгін, 25 шілдеде Алматыда үстел теннисінен WTT YOUTH CONTENDER ALMATY ірі халықаралық турнирі басталды. Ол бес түрлі жас санатында өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жүлделі орындар үшін күреске әлемнің 13 елінен, атап айтқанда Қытай Тайбэйі, Гонконг, АҚШ, БАӘ, Италия, Бельгия, Оман, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 159 спортшы қатысады.

Бұл турнир ADD Ustel Tennis Ortalygy Алматы үстел теннисі орталығында өтуде. Жарысқа кіру тегін.

Айта кетейік, Алматы осындай бастаманы алғаш рет қолға алуда.