«Зенит» Ресей кубогының топтық кезеңінің 1-ші турындағы өз алаңында «Ахматты» (2:0) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы голды 39-минутта Густаво Мантуан соқса, 80-минутта Клаудиньо кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Еске салайық, қазақстандық футболшылар қос командада өнер көрсетеді. «Ахматта» қорғаушы Марат Быстров, ал «Зенитте» қорғаушы Нұралы Әліп. Екеуі бүкіл матч алаңда болды.