Америкалық аралас жекпе-жек шебері Тайсон Нэм Ultimate Fighting Championship (UFC) файтерлерінің тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы промоушен жайлы ақпарат тарататын UFC Roster Watch ресурсы хабарлады.

Айта кетейік, 16 шілдеде өткен UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде Тайсон Нэм қазақстандық Азат Мақсұмнан жеңілген болатын.