Әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec хабарлағандай, 26 жастағы боксшы 26 тамызда Талсе қаласында (Оклахома, АҚШ) «Андерсон — Руденко» бокс кешінде өнер көрсетеді.

Абылайхан жартылай орта салмақта жұдырықтасады. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ, бірақ кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы нигериялық Эфе Аджагба болады.

Кеш аясында аты аңызға айналған боксшы Мухаммед Алидің жиені Нико Али Уолш, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы өзбек Баходир Жалолов өнер көрсетеді.

Басты жекпе-жекте жеңіліп көрмеген Джаред Андерсонның украиналық Андрей Руденкомен кездеседі.