Бразилиялық шабуылшы Рожерио Шина «Ақтөбеге» оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шина» лақап атымен танымал орталық шабуылшы мансабын туған қаласы Сан-Паулуда жергілікті «Жувентус» және «Ваи-Ваи» командаларында бастаған.

2017 жылдан бастап украиналық «Карпаты» және «Львов» клубында ойнады.

26 жастағы ойыншы «Ақтөбеге» былтыр қосылған. Шабуылшы ақтөбелік клуб сапында 31 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.