Таиландта жағажай волейболынан жастар арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық волейболшылар күміс медаль жеңіп алды.

21 жасқа дейінгі жастар арасындағы жарыста ел намысын екі әйелдер, екі ерлер командасы қорғады. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Ивайло Тодоров пен Клим Рюхов күміс медальді жеңіп алды. Турнирдің финалында қазақстандық волейболшылар австралиялық спортшыларға есе жіберді. Қараша айында Таиландта да өтетін әлем чемпионатында ел намысын Ивайло Тодоров пен Клим Рюхов қорғайды.

Айта кетейік, ерлер арасында Қазақстанның намысын да қорғаған Даниил Жигалов пен Владислав Мастихин үздік ондыққа еніп, сегізінші орыннан көрінді.