Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Астанада өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Оның бірінші айналымдағы қарсыласы түрік спортшысы Корай Кирчи болды. Попко үш сетте 6:4, 4:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.