Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің алғашқы айналымында отандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге италиялық Нурия Бранкаччи - грекиялық Деспина Папамихаилмен шеберлік байқасты. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Енді олар Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шығу үшін аустриялықтар Мелани Клаффнер - Синья Крауспен ойнамақ.