Шабуылшы Лионель Месси «Интер Майамидің» капитаны болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы америкалық команданың бас бапкері Херардо Мартино мәлімдеді.

36 жастағы Месси «Интер Майами» сапында 22 шілдеде Лига кубогы аясында мексикалық «Крус Асульге» қарсы ойында (2:1) дебютін өткізді. Аргентиналық ойыншы 54-минутта қосалқы құрамнан алаңға шықты, айып добынан жеңіс голын соқты.

MLS-тағы дебюттік матчында Месси капитандық таңғышты тағып алды. Бұған дейін «Интер Майамидің» капитаны бразилиялық жартылай қорғаушы Грегор болған, ол жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңға шықпаған еді.