26 шілдеге қараған түні «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Загребтің «Динамо» командасымен алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар алғашқы ойынды Хорватияда өткізеді. Матч Астана уақытымен 23:55-те басталады.

«Динамо» Загреб — «Астана» матчының тікелей трансляциясын Qazsport арнасынан көруге болады.

Еске салайық, еурокубоктардың жаңа маусымында «Астана» Чемпиондар лигасындағы ойынын бірінші іріктеу кезеңінен бастады. Екі ойынның қосындысы бойынша қазақстандық клуб тбилисилік «Динамодан» басым түскен болатын.