Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Салинастағы (Эквадор) турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Жукаев бразилиялық Педро Боскардин Диасты 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 31 минутқа созылды.

Айта кетейік, Жукаев келесі кездесуде Ф.Секулич (Аустралия) - А.Козбинов (Молдавия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.