24 шілде Ньон қаласында (Швейцария) УЕФА Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирде Қазақстан атынан үшін команда «Ақтөбе», «Ордабас» және «Тобыл» бақ сынап жатыр.

Айта кетейік, екінші айналымда «Ордабасы» польшалық «Легиямен», «Ақтөбе» грузиялық «Торпедомен», ал «Тобыл» «Базельмен» (Швейцария) кездеседі.

Жеребе қорытындысында, «Ақтөбе» үшінші іріктеу кезеңіне өтсе, ЦСКА София (Болгария) – «Сепси» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал «Ордабасы» екінші айналымда сүрінбесе, «Аустрия» (Австрия) – «Борац» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

«Тобыл» - «Базель» жұбының жеңімпазы үшінші кезеңде «Дерри Сити» (Ирландия) – КуПС (Финляндия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

ЧЛ: «Астананың» үшінші айналымдағы қарсыласыы анықталды