«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамосынан» жеңіліп қалса, жарыс жолын Еуропа лигасының іріктеуінде жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

«Астана» хорватиялық командадан өте алмаса, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Лудогорец» (Разград, Болгария) – «Олимпия» (Любляна, Словения) жұбының жеңілгенімен кездеседі.

Айта кетейік, алғашқы ойын Қазақстанда, ал қарымта кездесу сырт алаңда өтеді. Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің ойындары 10 және 17 тамызға жоспарланған.

ЧЛ: «Астананың» үшінші айналымдағы қарсыласыы анықталды