Футболдан Қазақстан чемпионаты аясындағы «Ордабасы» - «Мақтаарал» матчы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Ордабасы» футбол клубының UEFA Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты өтінішін қарастырып, «Мақтаарал» футбол клубының тиісті келісімін алып, 2023 жылғы 6 тамыз күні өтетін Қазақстан чемпионатының XVIII туры аясындағы «Ордабасы» - «Мақтаарал» матчын 27 қыркүйекке ауыстырды, - деп жазды ҚКФЛ ресми сайты.