Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 26-орынға көтерілді.

Тимофей Скатов 134-тен 136-ға, Михаил Кукушкин 223-тен 229-ға, Бейбіт Жұқаев 242-ден 270-ке төмендеді.

Әлемде үздік үштікте бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас, сербиялық Новак Джокович және ресейлік Даниил Медведев тұр.

Жұптық сында алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанған Александр Недовесов 53-тен 8 саты жоғарылап, әлемнің 45-ракеткасы атанды. Бұл – оның үздік көрсеткіші. А.Недовесов осыған дейін 48-орыннан аса алмап еді.

Әлемдік рейтингте жұптық сында бұрынғыша нидерландылық Уэсли Колхоф көш бастаса, ұлыбританиялық Нил Скупски екінші, америкалық Остин Крайчик үшінші сатыда.