Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-туры аясында «Қайрат» мен «Мақтаарал» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматының "Орталық стадионында" өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Осылайша, атакенттік команда осы маусымдағы екі ойында да «Қайраттан» жеңілмеді.

«Қайрат» - «Мақтаарал» - 2:2 (2:2)

Гол соққандар: Сейдахмет 13 (1:0), Жоао Пауло 41 (2:1) – Жаңғылышбай 37 (1:1), Каримов 45+3 (2:2)