«Кристал Пэластан» кеткеннен кейін еркін агент атанған Кот-д'Ивуарлық шабуылшы Уилфрид Заха түркиялық лигаға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Mail ақпараты бойынша, 30 жастағы футболшы стамбулдық «Галатасарай» қызығушылық танытып отыр.

Түркиялық клуб африкалық ойыншыға жылына 9 миллион еуро жалақымен келісімшарт ұсынуға дайын.

Уилфрид «Кристал Пэласта» 2015 жылдан бері өнер көрсетті. Шабуылшы АПЛ-дың кейінгі маусымында 27 ойынға қатысып, 7гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.