«Манчестер Ситидің» 29 жастағы испаниялық қорғаушысы Эмерик Лапорт карьерасын АПЛ-дің басқа клубына жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Star мәліметінше, ойыншыға «Кристал Пэлас» қызығушылық танытып отыр. Лапорт «қалалықтар» сапындағы болашағына сенімді емес, сондықтан карьерасын лондондық командада жалғастыру нұсқасын қарастыруы мүмкін.

2022/2023 маусымында Эмерик барлық турнирлерде 24 матчқа қатысты. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың ортасына дейін есептелген. Ойыншының трансферлік құны 25 миллион еуроға бағаланып отыр.