«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Атыраумен» өткен ойынның нәтижесі жайында өз ойымен бөлісті.

- Эмоционалдық және физикалық тұрғыдан қиын матч болды. Тбилисидің «Динамосымен» өткен ойыннан кейін оңай болмасы анық, біз онда көп күш жұмсадық, сондықтан белгілі бір өзгерістер жасадық. Аяқдопшылар темірден емес, көбіне демалыс беру керек болды.

Бүгін алаңға шыққандар барынша ойнап, есеп ашар мүмкіндіктер жасап, допты өз бақылауында ұстады. Ал «Атырау» болса төмен қорғанды. Біз тек гол соға алмадық, өкініштісі осы. Әдемі сəттер болды, тек нысанаға дөп тигізу керек едік. Біздің жігіттер ойынды, допты жақсы басқарды, қақпаға жақындаған сәттерді де көрдік, тек іске асыра алмадық. Мұндай матчтарда бір гол бәрін шешетін еді, бірақ жолымыз болмады.

Ойыншылардың беріле ойнағағанына шағым айта алмаспын, барлығы алаңда соңына дейін күресті. Ароянның жарақат алғанына өкінеміз, басты мәселе де, бүгінгі матчтағы ең үлкен сәтсіздігіміз де осы.