«Тараз» 31 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Жақып Қожамбердімен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақып Қожамберді Тараз футбол мектебінің түлегі. Ол карьерасын 2012 жылы Тараздың қосалқы құрамасында бастап, ал келесі маусымда негізгі құрам сапында дебютін өткізген.

Қожамберді Тараз сапында жалпы 142 матч өткізіп, 14 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Ойыншы клубқа еркін агент ретінде косылды.