2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда өткізу идеясы жалған немесе қауесет емес, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Спорт Радар телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Мұны ҚФФ президенті Әдлет Барменқұлов жеке сұхбатында растады. Алдағы сәрсенбі, 26 шілдеде бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме болады.

Оның үстіне Әділет Назарбаевұлы әлем чемпионатын ұйымдастыруға өтініш беру бастамасы өзі ұсынғанын айтты, бұл ФИФА президенті Джанни Инфантиноның Астанаға сапары кезінде мәлім болған екен.

Барменқұловтың айтуынша, әлем футболының басшысы бұл идеяға қатты қызығушылық танытып, оны жүзеге асыруға көмек көрсетуге уәде берген», - деді дереккөз.