Сенбі, 22 шілдеде Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 47 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Бразилия және Иран елдерінің келген файтерлер қатысады, жалпы 16 жекпе-жек жоспарланған.

Кештің басты жекпе-жегі: Матеус Глориа (12-4-1) vs Бекзат Алмахан (15-1)

Негізгі жекпе-жекте UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы, ММА ардагері Әділ Боранбаев (21-10-1) өнер көрсетеді, ол бразилиялық Маурисио Мочадомен (25-15) кездеседі.

Тағы бір қазақстандық-бразилиялық жұпта Ильяр Асханов (12-5) пен Тьяго Сильва (24-13) жұдырықтасады.

Турнирге қатысатын спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті:

Турнир 22 шілдеде, Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube-арнасынан көруге болады.

Турнир билеттерін мына сілтемеден сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink