Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси MLS-тің «Интер Майами» клубында дебюттік ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мессидік командасы Лига кубогының топтық кезеңі аясында мексикалық «Крус Азульмен» кездесті.

Екінші таймның 54-минутында Бенджамин Кремаскидің орнына 36 жастағы Месси алаңға шықты.

Бұл ойында америкалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.