Лига кубогы аясында «Интер Майами» — «Крус Асулем» матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Жеңіс голын 94-минутта Лионель Месси соқты, ол айып добын сәтті орындады.

Айта кетейік, Месси жаңа командасы сапындағы алғашқы ойынына шыққан.