«Тобылдың» бас бапкері Милич Чурчич УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі финляндиялық «Хонкаға» қарсы ойын (0:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қиын матч болды. Алаң ауыстырдық, жасанды алаңда ойнадық – бұл өте қиын. Хельсинкиден 40 шақырым жерде. Бейімделу қиын, доп жылдамырақ қозғалады, бірақ бәрібір алға шықтық. Бірінші ойын өте жақсы өтті, ең бастысы, екінші ойында да гол соғуға 100% мүмкіндігіміз болды. Егер ертерек гол соққан болсақ, оңайырақ болар еді, бірақ, әрине, футболда бәрі оңай болмайды», - деді маман.

Еске салайық, екі кездесудің қорытындысы бойынша «Тобыл» еуропалық турнирдің келесі іріктеу кезеңіне өтті.