Қостанайлық «Тобылдың» бас директоры Андрей Канчельскис команданың бас бапкері қызметіне Станислав Sport24.ru сайтына берген сұхбатында Черчесовті тағайындауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Черчесовті «Тобылда» көргіңіз келе ме?— Мұны біздің акционерімізден сұрау керек, ха-ха. Бұл ақпаратты оларға жеткізермін. Бірақ біздің командамыз маусымға толық дайын. Біздің мақсатымыз басқа және дайындықты бастап кеттік. Дәл қазір ештеңе өзгертпейміз, — деді Канчельскис.

Айта кетейік, Черчесов қазір жұмыссыз жүр, себебі ол таяуда венгриялық «Ференцварош» бас бапкері қызметінен босатылған. Оның командасы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өз алаңында фарерлік «Клаксвикадан» 0:3 есебімен жеңілген еді.