ЦСКА мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Sports.ru сайтына берген сұхбатында «Бешікташ» пен «Аталантаның» қызығушылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Бәрі сен «Бешікташқа» ауысасың деп жатыр.

– Қазір ақпарат көп. Ресми ақпаратты күтейік. Әзірше ештеңе айта алмаймын, күтіп жүрмін.

– «Бешікташқа» ауысқың келе ме?

– Айта алмаймын, қанша дегенмен ЦСКА-мен келісімшартым бар. Арманым - топ-5 лигада ойнау. Түркияның да чемпионаты жақсы. Меніңше, Ресей мен Түркия чемпионаттары бір деңгейде. Тек санкцияларға байланысты Түркиядан Еуропаға кету оңайырақ.

– Бір жыл бұрын сен «Аталантаның» шорт-листіне кіргенің, италиялық клубтар қызығушылық танытып жатқаны хабарланған. Бәрі солай болды ма?

– Ресми ұсыныс болмады. Қызығушылық болды, бірақ жүз пайыздық ештеңе жоқ. Агент маған бәрін айта бермейді, мен көп нәрсені білмейтін сияқтымын. Хабарласқандар көп болды.

– «Аталанта» хабарласты ма?

– Иә. Бірақ жеке өзім олармен сөйлеспедім. Тек Шомуродовтан чемпионат қалай деп сұрадым. Италияда ойнау керек деп айтты. Бәрі маған ыңғайлы чемпионат деп айтады.