Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуротурнирдің алғашқы кезеңінде қостанайлықтар Финляндия чемпионатының қола жүлдегері «Хонкамен» кездескен.

Қостанайда өткен алғашқы матчта «Тобыл» 2:1 есебімен жеңген. Ал Финляндияда өткен қарымта матчта есеп ашылмады - 0:0.

Бұл тең есеп «Тобылдың» келесі кезеңге шығуына жеткілікті болды.

Енді Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» швейцариялық «Базельмен» кездеседі. Алғашқы матч 27 шілдеде Швейцарияда өтеді.

Конференция лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Қарымта матч

«Тобыл» (Қостанай) - «Хонка» (Финляндия) 0:0