Алматылық «Қайрат-Жастар» Бірінші лиганың 16-туры аясындағы матчта өз алаңында «Хан-Тенгри» командасын сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Диас Күшкімбаев, Әліби Мұхит және Артем Литош голдың авторы атанды. «Хан-Тенгри» сапында жалғыз голды Гаврил Кан соқты.

«Қайрат-Жастар» — «Хан-Тенгри» 3:1 (2:0)Голдар: Күшкімбаев 34 (1:0), Мұхит 45+2 (2:0), Кан 66 (2:1), Литош 76 (3:1).