Ресейде тұратын қазақ файтер Дамир Исмагулов UFC-ден шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы әлемдегі ең үздік лиганың жаңалықтарын автоматты бақылайтын UFC Roster Watch қызметі хабарлады.

Исмагуловтың келісімшарты аяқталды. 2 шілдеде Дамир екінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады, ол Грант Доусонға есе жіберді, оған дейін желтоқсанда Арман Царукяннан жеңілген.

Айта кетейік, Исмагулов UFC-де 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Екі рет жеңіліске ұшырағанға дейін бес мәрте жеңіске жеткен. 32 жастағы спортшының ММА-дағы рекорды 24-3.