Қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Жальгирис» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіде солтүстік македониялық «Стругамен» қарымта кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Охрид қаласындағы «Билянини Извори» стадионында өткен ойында 2:1 есебімен «Жальгирис» жеңіске жетті. 76-минутта Бесарт Ибраими пенальтиден алаң иелерін алға шығарды, бірақ қонақтар Юрий Кендыштың (78-минут) дәл соққысы мен Меджит Незиридің (84-минутта) автоголының арқасында камбэк жасады.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша «Жальгирис» жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті.