Жеңілмеген қазақстандық Азат Мақсұм (17-0) америкалық файтер Джошуа Вангқа (8-1) мәлімдеме жасап, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік жоғары лигадағы дебюттік кездесуінде жеңіске жеткен қазақстандық бұған дейін Қазақстанның тағы бір белгілі өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген Вангқа қарсы сөз сөйледі.

Осыдан кейін америкалық өзінің әлеуметтік желілерінде Жалғасты қалай жеңсе, Азатты да солай жеңетінін айтқан еді.

«Ванг, UFC сені келесі деп шешеді деп үміттенемін. Мен дайынмын. 21 қазанда Абу-Дабиде кездесейік. Өзіңді асыра бағалама! Бұл лигада өз жоспарларым бар, енді сені аттап өткім келеді», - деп жауап берді Азат Instagram парақшасында.