«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду бұдан былай Еуропа футболына оралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен ешбір еуропалық клубқа оралмайтыныма 100% сенімдімін. Мен Сауд Арабиясының лигасына жол аштым, енді барлық ойыншылар осында келіп жатыр.

Мен 38 жастамын, ал еуропалық футболдың сапасы жоғалды... тек АПЛ басқа лигалардан алда», - деп келтіреді Роналдудың сөзін журналист Фабрицио Романо.